Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт “Ninety one” әнін домбырамен орындаған жігітті Мейрамбек Беспаевқа ұқсатты (видео)

Нұржан Керменбаев Eaglez-дарға тосын сый жасады. Ол қазақ жітігінің домбырамен ән айтқан видеосын бөлісті. Аталған видеода жігіт “Ninety one” тобының “Қайтадан” әнін орындаған болатын.

ог

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Есімі белгісіз жігіт “Ninety one” тобының “Қайтадан” әнін домбырамен орындап жұртты қайран қалдырды. Бұл видеоның аталған топтың тыңдармандары үшін таптырмас тосын сый болғаны анық. Мұнымен қатар, желі қолданушылары жігіттің даусының Мейрамбек Беспаевтікіне қатты ұқсайтынын айтты.

“Даусы керемет! Қоңыр дауыс иесі екен”, “Даусы тамаша! Мейрамбектің даусына сондай қатты келіп тұр”, “91 тобы сәнде”, “Мейрамбектің даусы ғой мынау”, “Бір ғасыр бұрынғы 91 тобы”, “Домбыраның үніне ешнәрсенің даусы жетпейді”, “Айтарға сөзім жоқ”, “Осындай “Ninety one” тобына қатысты күшті видеоларды бөлісіп тұрыңыздаршы” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Дастан Оразбеков іштегі жанайқайынан қалай арылатынын айтты (фото)

Ыстанбұлда қол ұстасып жүрген Төреғалидің ата-анасы желі оқырмандарын қызықтырды (видео)

Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)

Аша Матай жаңа істі қолға алды

Талқылау