Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы стриптиз-клубтардың бірі секс-притон болып шықты

Алматыдағы стриптиз-клубтардың бірінің иесі мен үш әкімшісі жеңгетайлық жасады деген күдікпен тұтқындалды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Полиция мәліметіне сәйкес, түнгі клуб әкімшілері алдын ала келісім бойынша клуб қонақтарына жеңіл жүрісті қыздарды жіберіп тұрған.

«Олардың қызмет көрсететін қызбен өткізген бір түні 300 АҚШ долларына бағаланған. Клиентке басқа да заттар қажет болған жағдайда, қызмет құны көтеріледі. Клубқа полиция қызметкерлері тексеріс жүргізгенде, 22 жеңіл жүрісті қыз болған. Олардың үшеуі – Ресей Федерациясының, екеуі –Өзбекстан азаматшалары», – деп мәлімдеді Алматы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңаөзен полициясы  жол ортасында сақалын айналдыра билеген аяз атаны іздеп жатыр (видео)

Астанада садақа жәшігін ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды (видео)

Санкт-Петербургте жарылыс жасаған адам видеоға түсіп қалды (видео)

60 жыл бірге жүрген достар туған ағалы-інілі болып шықты

Қазақстандық қыз Түркиядағы демалысын ұзарту үшін жезөкшелікпен айналысқан

STAN.KZ
Сенбі, 30 Желтоқсан, 2017 09:21
Талқылау