Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санкт-Петербургте жарылыс жасаған адам видеоға түсіп қалды (видео)

Санкт-Петербургте “Перекресток” дүкеніндегі бақылау камераларына жарылыс жасады деген күдікті түсіп қалды. Бұл туралы “Фонтанка” жазды.

Басылым мәліметінше, Калинин алаңындағы жарылыстан жарты сағат бұрын “Черная речка” метросы жақтан келе жатқан бағдарлы автобус тоқтады. Автобустан жасыл күрте киіп, бозғылт жолдорба асынған ер адам шығады. “Перекресток” дүкеніне кірген соң, жас жігіт сақтау камерсында сөмкесін қалдырып, сауда залына кіреді, бір жарым минуттай тауарларды қарағансып жүре тұрады.

Дүкеннен сөмкесіз шығып, Калинин алаңын кесіп өтіп, қалың тобыр арасында көзден ғайып болады.

Зардап шегушілердің айтуынша, жарылыс сағат 18:45 кезінде болыпты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қаланың вице-губернаторы Анна Митянинаның айтуынша, алты зардап шегуші қаланың үш ауруханасында жатыр, жағдайлары орташа ауыр, үшеуінің беті бері қарады, ал біреуі ауруханадан шықты.

Тағы оқыңыз:

60 жыл бірге жүрген достар туған ағалы-інілі болып шықты

Қазақстандық қыз Түркиядағы демалысын ұзарту үшін жезөкшелікпен айналысқан

Байзақова конкурс ұйымдастырған клуб директоры халықтан кешірім сұрады (видео)

Талқылау