Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда талапкерлердің грантсыз қалуына байланысты өршіген дау қайта жалғасты

Бүгін Білім министрлігі талапкерлерге берілген сертификаттың кері қайтарылуына осы ведомствоны кінәлады,-деп жазды КТК арнасы.

оқу

Онсыз да көптен күткен қағаз 200-ден аса талапкерге кеше берілген болатын. Бірақ көп ұзамай ол жарамсыз болып шықты. Тіпті, қабылдау комиссиясындағылар сертификаттарды кері қайтаруды талап еткен.

Сөйтсе, «Алтын белгі» иегерлерінің обалына қалған Білім емес, Денсаулық сақтау министрлігі екен. Сертификатты жарамсыз деп тапқан солар.

Ал бұған талапкерлердің тек Алматы мен Астанадағы медициналық оқу орындарын таңдауы себеп болыпты. Ол университеттер абитуриенттердің бәрін қабылдай алмайды. Сондықтан «Алтын белгі» иегерлері тегін оқимын десе, өзге қаладағы оқу орнын таңдауы тиіс.

Әйтпесе, жылына 800 мың теңге төлеп, ақылы білім алуына тура келмек. Айта кетсек, еліміздегі дәрігерлерді дайындайтын оқу орындары тікелей осы министрлікке бағынады. Осыны алға тартқан Білім министрлігіндегілер сүттен ақ, судан тазамыз деп отыр.

Бірақ болашақ дәрігерлерден бөлек, сертификатқа мүлдем қолы тимеген талапкерлер де барын айта кетейік. Жауаптылар оларды грантсыз қалдырмаймыз деп сендірді.

«Денсаулық сақтау министрлігі не талапкерлерді қалаған университетінде оқытады, не еліміздің өзге қаласындағы жоғары оқу орнын ұсынады.

Біз қазір техникалық орган ретінде басқа қалада білім алуға келіскен талапкерлердің гранттарын дайындап жатырмыз»,-деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры  Рамазан Әлімқұлов.

Оқи отырыңыздар:

Астанада полицейлер батыр ананы 7 баласымен паналап отырған жертөледен қуып жатыр

Алматы облысында Kaspi Bank-ке ұрлыққа түскендердің қанша ақша алғаны анықталды

Өмір үшін күрес: Ракты жеңген жандар (фото)

Елімізде жедел жәрдем қызметі науқастарға ауру белгілеріне қарай көмек көрсететін болады

Талқылау