Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада полицейлер батыр ананы 7 баласымен паналап отырған жертөледен қуып жатыр

Елордада батыр ана баспанасыз қалуы мүмкін. Жеті баласы бар әйел қазір көпқабатты үйдің жертөлесінде күнелтіп жатыр. Оны да көп көргендей, жақында учаскелік полиция қызметкері келіп, ескерту жасап кетіпті.

3b9e9e33eff275d40d6f0134704

Жертөледе тұруға болмайды немесе айыппұл арқалайды. Заң солай. Жергілікті билік өкілдері әзірге қол қусырып отыр. Бірақ жалғызбасты ананы мазалаған мәселе бұл ғана емес, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Ульяна Шиловская көмек сұрауды ұят санайды. Жеті баланы өзі жеткізіп отыр. Құрылыста жұмыс істейді. Ал отағасы отбасын осыдан екі жыл бұрын тастап кеткен. Пайда табуға Ресейге кетіпті-мыс. Осы көктемде көпбалалы отбасы тұрған саяжай су астында қалыпты. Уақытша паналауға осы жерге келген екен. Алайда бұл жерден де кетуге мәжбүр болып отыр.

«Учаскелік полиция қызметкері келіп, әкімдік жертөледе тұруға тыйым салатынын айтты. Солай деп ескерту жасап кетті. Хаттама толтырып, 10 күннің ішінде кетуімді талап етті. Әйтпесе 93 мың теңге көлемінде айыппұл салады екен. Егер оны төлемеген жағдайда 45 тәулікке темір торға жабады», – деді   қала тұрғыны Ульяна Шиловская.

Жергілікті билік өкілдері табан тоздырып аралаудан шаршадым, дейді «алтын алқа» иегері. Жазбаша ғана жауап қайтаратын көрінеді. Көпбалалы ана және «Алтын алқа иегері» ретінде үй кезегінде Ульяна бірнеше жылдан бері тұрады.

3b9e9e33eff275d40d6f0134704

«Жәрдемақым толығымен осы пәтерге кетеді. Яғни ол сома да жетпейді. Ал менің төлейтінім 63 мың теңге. Осының барлығын әкімдікке жіберген хатымда көрсеттім», – деді қала тұрғыны Ульяна Шиловская.

Тұрғын үй департаменті бізге – тілшілерге анықтама берумен ғана шектелді. Шиловская 2016 жылдан бері шынымен де үй кезегінде тұр екен. Бірақ өкінішке орай, ешқандай жеңілдік қарастырылмаған.

«Көпбалалы ана ретінде 18016 болып пәтер кезегінде тұрмын. Сіздердің алдарыңызда ғана кезекті көріп отырмын», – деді қала тұрғыны Ульяна Шиловская.

Көпбалалы отбасыға көмек көрсетуге балалары оқитын мектеп мұғалімдері келді. Сабаққа қажетті керек-жарақ алып келіпті. Айтуларынша, бірнеше күннен кейін мектеп формасымен де қамтамасыз етпек.

«Бұл отбасыға жыл сайын көмектесіп отырамыз. Тегін кітаппен қамтамасыз етеміз. Қазір сабаққа керекті заттарын алып бердік», – деді №65 мектеп-гимназиясының директоры Әділбай Шораұлы.

Қанша қиындық көрсе де, Ульяна «үмітімді үзбеймін» дейді. Жақын болашақта жаңа үйге көшсем деген арманын да жасырмады.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында Kaspi Bank-ке ұрлыққа түскендердің қанша ақша алғаны анықталды

Өмір үшін күрес: Ракты жеңген жандар (фото)

Елімізде жедел жәрдем қызметі науқастарға ауру белгілеріне қарай көмек көрсететін болады

Талқылау