Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда салафит жігіттің алтыншы әйелі туған баласынан бас тартты​

Алматыда салафит азамааттық некедегі әйелінің ұлын екі жыл бойы намаз оқуға мәжбүрледі. Смартфон қолдануға және теледидар қарауға тыйым салды.

Бұл туралы “Алматы” арнасы хабарлады.

“Мен демалыста әжемнің үйінде болдым. Сол кезде анам өзге дін өкіліне ғашық болып үлгеріпті. Ол өзінің христиан дінін исламға ауыстырып, салафизм ағымындағы ер адамның алтыншы әйелі болды. Анам басында ұзын белдемше киді. Кейін хиджап киді. Құран оқи бастады. Бір айдың ішінде барлығы өзгерді”, – дейді 13 жасар бала.

Баланың айтуынша, олар фитнес орталығында танысқан. Некесін ресми емес,  шариғат бойынша мешітте қидырған. Олар бірге тұрмаған, тек ер адам бірнеше күнге келетін көрінеді.

Осыдан кейін салафизм ағымын ұстанған алматылық өзінің өгей баласына қысым көрсеткен. Ойын баласын оқудан шеттетіп, Ислам дінін қабылдауға мәжбүрлеген өгей әкесі – оған компьютер мен түрлі гаджеттерді қолдануға тыйым салған. Тіпті, сурет салып, ән тыңдауға рұқсат бермеген. Осы әрекеттердің барлығын «харам» деп баланы еркіндігінен айырған.

“Тыйымдар көп қойды. Ішпен жатуға болмайды, сол қолмен су ішуге, сурет салуға болмайды. Тұрып тамақ ішуге, су ішуге, сол қолмен тамақ ішуге тыйым салды. Мен сурет салғанды, мүсін жасағанды ұнататын едім. Олар маған қалаған ісіммен айналысуыма рұқсат бермеді”, – дейді 13 жасар бала.

Жүзін жасырып, атын атамауды өтінген бұл бала қазір жетінші сыныпта оқиды. Бірақ осыдан 2 жарым жыл бұрын сабаққа ден қоюды мүлдем ұмытқан. Жап-жақсы оқып жүрген жеткіншек аз уақытта күрт өзгеріп сала берген.

Өгей әкеден әбден қорлық көрген бала анасынан қайыр болмаған соң, өз әкесіне хабарласып, араша түсуін өтінеді. Осыдан кейін, жәбірленуші тарап құзырлы орындарға шағымданған екен.

«Шаңырақ» орталығының дінтанушылары арнайы өздерінің әдістерімен анықтады. Тестілеу жүргізді, түрлі сұрақтар қойды. Осы арқылы оның қазіргі кезде көп мәселе тудырып жүрген теріс діни ағымның белсенді мүшесі екендігі туралы қорытынды шығардық», – деді    Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

Анасының күйеуі көрсеткен қысымға шыдамаған бала қазір өз әкесімен бірге тұрады. Аудандық сот жеткіншекті әкесіне беруді ұйғарған.

Қазір күдікті тек жат ағым өкілі ретінде тіркеуге алыныпты. Ал санасы шырмалуға шақ қалған баланың әкесі – бұл оқиға көпке сабақ болса екен, дейді.

Анықталғаны – баланы теріс ағымға итермелеген күдікті салафиттердің ішіндегі матхалиттердің қатарынан екен. Ол Сауд Арабиясында кеңінен танылған Назратулла Әбдіқадыров мен Махмад Дильмурадтардың уағызын тыңдаған болуы керек. Былтырғы жылы бір ғана Алматыда теріс ағым ұстанған 570 адам анықталған екен. Дінтанушылардың ықпалымен олардың  жартысына жуығы дәстүрлі дін жолына түскен.

Тағы оқыңыз:

Байғали Серкебаевтың менеджері казино туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Шетелдік ғалымдар қазақстандықтардың шашынан бағалы металдар тапты

Аяққа киетін шұлыққа “Алла” сөзін жазғандар мұсылмандарды ашуландырды

Талдықорғанда жүргізуші 10 жасар қыз бен оған тиіскен ер адамды автобустан далаға шығарып жіберген

Талқылау