Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байғали Серкебаевтың менеджері казино туралы ақпаратқа түсініктеме берді

A’Studio тобының PR-менеджері Байғали Серкебаевқа тиеселі мейрамханадан табылған заңсыз казино туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Emporio мейрамханасына әншінің қандай қатысы барын айтты.

Бұл туралы 7kun.kz хабарлады.

A’Studio тобының PR-менеджері Виктория Нуриеваның айтуынша аталған ғимаратқа Серкебаевтың еш қатысы жоқ.

“Байғали Серкебаев ол мейрамханада 2014-2017 жылдар аралығында жас музыканттарды анықтап, қолдау мақсатымен Emporio Music Fest фестивалін өткізген. Бұдан кейін серіктестік тоқтаған. Қазіргі кезде Серкебаев фестивалді өткізу үшін жаңа алаң іздестіруде”, -деді Нуриева.

Айта кетейік бұған дейін Mash Telegram-каналы Emporio мейрамханасының ішінен жасырын казино табылғанын хабарлаған. Бұдан кейін бұл мейрамхана белгілі музыкант Байғали Серкебаевқа тиеселі деген ақпарат тараған еді.

Тағы оқыңыз:

Шетелдік ғалымдар қазақстандықтардың шашынан бағалы металдар тапты

Аяққа киетін шұлыққа “Алла” сөзін жазғандар мұсылмандарды ашуландырды

Талдықорғанда жүргізуші 10 жасар қыз бен оған тиіскен ер адамды автобустан далаға шығарып жіберген

Семейде 21 жастағы жігіт үш сәбиді өлімнен құтқарып қалды

Талқылау