Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Mercedes жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Рысқұлов көшесі бойында Емцов және Тілендиев көшелері арасында шығыс бағытта келе жатқан көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті.

3268416

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes Рысқұлов көшесі бойымен шығыс бағытта келе жатады, сол кезде Емцов және Тілендиев көшелері арасында ер адам жолды жүгіріп кесіп өтпек болған. Жасы шамамен 50-де.

Mercedes бар жылдамдықпен келіп, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік бордюрға бір-ақ соғылған.

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан ер адам оқиға орнында тұраққа қойылған  Volvo көлігінің жүргізушісі. Ол жанармай бекетіне бару үшін, жолды кесіп өтпек болған. Ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қаза тапты.

Mercedes жүргізушісі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 жас қыршынынан қиылды

Көкшетауда өрт кезінде екі бала мен әйел адам қаза тапты

Оралда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйді шелекпен су тасып сөндірді (видео)

Астанада құрылыс нысаны құлап, 2 жұмысшы мерт болды

Талқылау