Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 жас қыршынынан қиылды

Шымкент – Арыс – Шардара тас жолында дүйсенбі 18 қыркүйек күні таңертең жантүршігерлік жол апаты болды, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

20170918180820

Hyundai Starex минивэні “ГАЗ-53” жүк көлігімен соқтығысып, шағын автобустың 1995 жылғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жыраға түсіп кетті.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында Hyundai көлігінде отырған екі жолаушы қаза тапты: 1994 жылғы жігіт пен 1998 жылғы бойжеткен. Hyundai жүргізушісі мен тағы екі жолаушы – 1970 жылғы әйел және 1995 жылғы жігіт Арыс ауданы ауруханасына жеткізілді, сол жерде жүргізуші мен 22 жастағы жас жігіт көз жұмған. Қырық жастағы зардап шегуші әйел жансақтау бөліміне түсті. Бәрі Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары.

ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір жол апатының мән-жайы анықталуда.

Оқи отырыңыз:

Көкшетауда өрт кезінде екі бала мен әйел адам қаза тапты

Оралда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйді шелекпен су тасып сөндірді (видео)

Ақтөбелік келіншек қос сәбиін қоқыстан тапқанымен тамақтандырып жүр

Қазақстан азаматшасы Ресейде теракт ұйымдастырғаны үшін сотталып жатыр

Талқылау