Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйді шелекпен су тасып сөндірді (видео)

Оралда қала ортасында орналасқан жеке үйлердің бірі үш сағат бойы өртенген.

65

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Көршілердің айтуынша, өрт басталған кезде үйде жарық жанып тұрған. Кейін дереу келген екі бірдей өрт сөндіруші көліктердің сулары тез таусылып қалыпты.

“Біз шелекпен су тасыдық. Өрт сөндірушілер бізден су алып, тасып өшірді. Олардың көлігіндегі су тез бітіп қалды”, – дейді көрші.

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің түсіндіруі бойынша, сол уақытта Горбунов ауылы мен таудағы өртті сөндіруге көптеген құрам аттандырылғандықтан, өрт сөндіру техникалары жетіспей қалған.

“Өрт сөндіру көлігіндегі судың ағыны секундына 40 литрды құрайды, ал адамдарға су тез таусылғандай көрінеді. Өртті сөндіруге 4 техника бірлігі жұмылдырылды. Өрт нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Жеке құрамның 15 адамы апаттың алдын алу үшін жұмыс істеді. Өрттің жалпы аумағы 70 шаршы метр болды”, – деп хабарлады ІІД.

Оқи отырыңыз:

Астанада құрылыс нысаны құлап, 2 жұмысшы мерт болды

Алматы-Бішкек тас жолында азық-түлік тиелген жүк көлігі жанып кетті

Алматыда жанып кеткен көлік ішінен адамның денесі табылды

Семейде жас келіншек 3 жасар баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді

Талқылау