Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жанып кеткен көлік ішінен адамның денесі табылды

Алматының Момышұлы көшісінің бойында жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан жол бойында үлкен шұңқыр жатыр.

1505355265_img_9626

Жөндеу құралдарын күзетушінің айтуынша, түннің бір уағында көліктің өткен даусы шығып, соңынан қатты соққының болғаны анық естілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күзетші көшеден көліктің шұңқырға түсіп жанып жатқанын көрген. Өрт сөндірушілер жалынды өшіріп болған соң көлік ішінен жанып кеткен адам денесін тауып алды. Ол болжам бойынша әйел адамның мәйіті.

1505355416_img_9683 (1)

Көліктің маркасын анықтау қиындық тудыруда. Полицейлер көліктің Nissan маркасы екенін айтады.

1505355257_img_9625

Көлік жүргізушісі жол ережесін сақтамай төмен жүрудің орнына жоғары қарай қарсы бетке шыққан. Болжам бойынша, жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатып шұңқырға түсіп кеткен.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбе облысында 70-тен асқан әжей бір елді мекенде жалғыз өзі тұрады

Бұл көше төбелесі секілді болады: Головкин Альвареспен өткізетін жекпе-жегі туралы

Өскеменде бекеттен жанармай құямын деп күйіп қалған жас жігіт көз жұмды

Талқылау