Ақтөбе облысында 70-тен асқан әжей бір елді мекенде жалғыз өзі тұрады

Бейсенбі, 14 Қыркүйек , 2017 8:36

Дариға Жақсылықова Мәртөк ауданына қарасты елді мекендердің бірінде көп жылдан бері жалғыз өзі тұрады.

IMG_7214-e1505295593532

Санаулы күн бұрын 70 жасқа толған ол дастархан жайып, өзінің тұрмысы жайлы әңгімелеп берді. Ондаған жылдар бойы болат жолда еңбек еткен ол ауылды қимайтынын айтады, деп жазады Aktobenews.kz.

IMG_7206-e1505295260698

«Балаларым Мәртөкте, Ақтөбеде тұрып жатыр. Ауылда өзім қалғым келді. Үйрек-қаздарым бар. Бау-бақша егемін. Жазда қарақат теруге шығамын. Одан арнайы қыс мезгіліне деп қайнатпа әзірлеймін. Қолым қалт еткенде жүн иіріп, немерелеріме қолғап, шұлық тоқимын. Емдік шөптерден тұнба дайындаймын», — дейді өзін әлі күнге тың сезінетін Дариға апай.

IMG_7223-e1505295331796

40 жылдан астам теміржолшы болған ол ауылдан адам арылмайтынын айтады. Оңды-солды өтетін таныстары көп. Теміржол мекемелерінде басшылық қызметтегі адамдар, жас мамандар, тіпті, жолдасының көзін көргендерге дейін әрдайым келіп дастарханынан дәм татады екен.

«Әрдайым дастарханым жаюлы. Үйге қонақ келіп қалар деп, тәтті-пәттілерді сақтап қоямын. Үйрек-қаз асып беремін. Тосап-шырын дегенді өзім әзірлеймін. Салаттың түр-түрін жасап қоямын. Үнемі магнитофон қосулы тұрады. Тіпті, бейтаныс адамдардың өзі соғып, мына үйде той болып жатыр ма деп сұрап жатады», — дейді ол күліп.

Өткен жылдың желтоқсан айында Дариға әжейдің үйін өрт шалыпты. Электр тогінің қысқа тұйықталуынан бөлмелерінің барлығы өртке оранған. Абырой болғанда ауылда бір өзі тұратын әжей сол уақытта денсаулығы сыр беріп, Ақтөбеде аурухана жатқан екен.

«Үйде қалғанымда, құдай сақтасын, иіс тиіп, өліп кетер ме едім. Құдай сақтап қалған ғой. Кейін теміржолдағы «балаларым» (теміржолшыларды Дариға әжей балаларым дейді — авт.) үйімді қалпына келтіруге көмектесті. Ақша жинап берді. Құрылыс жұмыстарына қол ұшын созды. Теміржол бөлімшесіндегі қыз-келіншектер менің музыкасыз өмір сүре алмайтынымды білсе керек, музыкалық орталық алып берді», — дейді ол Төреғали мен Еркенің суреттері бар дискілерді көрсетіп.

Балалары әжейді талай қалаға көшіріп алып кетпек болған. Бірақ, қаладан гөрі ауылды таңдаған Дариға Жақсылықованың ешқайда кеткісі жоқ. Немерелері демалыс сайын келіп тұрады.

Тағы да оқыңыз:

67 жастағы әйел 40 жылдан бері жапан даладағы аралда жалғыз тұрады (фото)

4 баланың анасы “Бала туа бересің” деп сөккен қайын атасына ренжіп жүр

ОҚО-да ата-аналар балабақшадан балаларының аш қайтатынын айтып шағымданды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар