Алматыда қоршауды бұзған көлік жүргізушісі құбырға соғысып, көз жұмды
Алматыда жексенбі күні ажалды жол апаты орын алды, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза болды.
Бұл туралы Sputnik хабарлады.
Алматыда Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі жөндеу жұмысын жүргізу орнында қоршауды бұзып, жылу трассасының құбырына соқтығысты. Салдарынан ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.
Жол апаты жексенбіге қараған түні Яссауи көшесінің бойында орын алды, онда теплотрассаны ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.
Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, Volkswagen белгісіз себептермен қатты жылдамдықпен жөндеу жұмыстары аумағына кіріп кетіп, ескерту белгілерін бұзып кетті. Автокөлік жылу трассасының құбырына соқтығысты. Жүргізуші көлікте қысылып қалып, оқиға орнында көз жұмды.
Оқи отырыңыз:
Жұмысына бара жатқан алматылық әйел жоғалып кетті
Теміртау тұрғыны адам өлтіру оқиғасын ойдан құрастырып, досының үстінен полицияға шағымданған
Қазақстан шекарасына басып кірмек болған 15 адамға әскерилер оқ жаудырды
Шымкенттік келін енесінен кек алу үшін өз үйін тонап, полицияға ұрылардан зәбір көргенін айтқан