Алматыда екі баласымен жесір қалған келіншек көмекке мұқтаж
Алматыда 29 жастағы келіншек екі баласын асырай алмай қиналып жүр. 4 ай бұрын жолдасынан айырылған соң отбасының бар ауыртпалығы Әйгерімнің өзіне жүктелген. Тіпті, пәтерін төлей алмай қалған соң қақаған аязда 8 айлық қызы мен 7 жасар ұлын ертіп қайыр сұрауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz.
Сәркеева Әйгерім Сағатбековна 1987 жылдың 8 шілдесінде Алматы облысы Нарынқол ауданының Сарыжаз ауылында өмірге келген. Өзі есін білгелі Алматыда тұрып келеді. 2009 жылы отау құрып, жолдасымен Алматыда пәтер жалдап күн кешкен. Қазір 7 жасар Әділ мен 8 айлық Аяна есімді қызы бар.
Алайда, осыдан 4 ай бұрын күйеуі асылып қайтып болған. Оның не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіне алмай дал болған келіншек жалғыз өзі екі баласын асырай алмай, пәтерақысын төлей алмай қатты қиналған. Бұрындары пәтеріне күніне екі мың теңге төлеп жүрген. Кейін айына 45 мың теңге төлеуге келісіпті.
Әйгерім екі баласына небәрі 14 мың теңге жәрдемақы алатынын, оның тамағынан артылмайтынын айтады. Жығылғанға жұдырық болғандай 17 желтоқсан күні пәтеріне түскен ұрылар оның жеке куәлігі мен жәрдемақы алатын медициналық карточкасын да ұрлап кеткен екен. Тіпті, 7 жасар ұлының өзі жинап жүрген 5-6 мың теңгесін ұрлап кетіпті.
Осыдан соң амалы құрыған Әйгерім қыстыгүні екі баласымен бірге арбат маңына барып қайыр сұрауға мәжбүр болған.
“Ата-анамның өз отбасылары бар. Қайынжұртыммен де араласпаймын. Ел алдына шығып көмек сұрауға да қорқамын. Екі баламның тағдыры үшін алаңдаймын. Жұмыс істемейтін адам үшін екі баланы асырау да, пәтерақысын төлеу де қиын. Мейірімді жандар жағдайы келгенше көмектеседі”, – дейді Әйгерім Сәркеева.
Әйгерімнің әке-шешесі ажырсып кеткен. Айтуынша, анасының да, әкесінің де өз отбасылары бар. Бірақ Әйгерім ата-анасымен, ешбір туысымен араласпайды. Күйеуінің жақындары да қарайласпайтынын айтады.
Әйгерімге қол ұшын берем дейтін жандар болса, 8777 028 99 17 телефон нөміріне хабарласуына болады.
Жіберіп алмаңыз:
Ақтөбеде анасы дәретханаға тастап кеткен сәбиді ерлі-зайыптылар асырап алды
Семейде үй-күйсіз тамаққа ақша таппай қиналған көпбалалы ана елден көмек сұрады
Оралдық кәсіпкер мүгедек балаларға арналған тірек-қимыл аппаратын жасауды қолға алды
Шымкентте жаңа жылды безендіруге бөлінген ақшаны жетім балаларға таратып берді