Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық кәсіпкер мүгедек балаларға арналған тірек-қимыл аппаратын жасауды қолға алды

Оралдық кәсіпкер мүгедек балаларға арналған тірек-қимыл аппаратын жасауды қолға алды. Вертиклизатор аталатын мұндай станоктар дімкәс балалардың отырып тұруына, бұлшық еттерін ширатып, сырқатынан сауығуына септігін тигізеді.

9241e0522e50d253218c435ea510a25b_L

Бұл туралы 24 хабар арнасы хабарлайды.

Қызметте жүріп екі аяғынан бірдей айырылған Біржан Қожақовтың есімі бүгінде ел-жұртқа етене таныс. Ол бұған дейін жасаған отыз шақты станогын жергілікті сауықтыру мекемелеріне сыйлаған болатын. Тағдырға мойымай, табысты кәсіпкерге айналған азамат бұл жолғы тартуын тәуелсіздік мерейтойына арнадым дейді. Біржан Қожақовтың жиһаз цехында 37 адам еңбек етеді. Солардың дені мүгедек жандар. Бәрі де осы жерден мамандығын меңгерген. Қазір тұрақты табыс тауып отыр. Еңбекқор ұжым жуырда тірек қимыл жүйесінде ақауы бар балаларға арналған арнайы аппараттарды жасауды қолға алды. Құрылғының пайдасы туралы әлеуметтік желі арқылы білген ел тұрғындары кәсіпкерге хабарласа бастаған.

“Жан-жақтан қоңыраулар келді, маған жасап берші, маған жасап берші деп жағдайлары жоқ адамдар. Содан кейін біз осы арада ойлап министрлікке хат жаздық Тамара Дүйсеноваға. Осы 25 жылдығымызға үлкен арнайы акция жасап, әрбір облысқа 2-3 вертикализатордан берейік деп. Сосын 14 облыстың бәрі бізге осы хаттарын жіберіп, жағдайлары жоқ, көп балалы отбасылардың құжаттарын бергізді”, – дейді кәсіпкер Біжан Қожақов.

Әрбір станок нақты бір балаға арнап жасалған. Яғни, атаулы тарту десе де болады. Жеткізіп беруге кететін шығынды да кәсіпкер толықтай өз мойнына алып отыр.

“Телевизордан көріп осында жұмысқа алып жатыр деп естіп келдім. Қайта үйренейінші деп. Солай келдім. Он шақты күндей болып қалды, қол да үйреніп кетті. Өзіме де ұнайды, уақытымен келем. Қатты ұнайды, көрем, ішінде жүріп аралаймын, қызық көремін”, – дейді жұмысшы Ринат Атауов.

“Шама келгенше осы жобамды қолдаса деймін. Біздің Қазақстанда шықса бір жағынан жұмыс орны да ашылады. Әлдеқайда арзан да болады. Бір жағынан салық та бізге түсетін еді. Қазір көп ата-аналар өздері қолдан жасап жатыр. Нақты бізде осы Қазақстанда завод жоқ. Сол менің арманым заводты біз ашсақ па деп”, – дейді кәсіпкер Біжан Қожақов.

Ресейде мұндай станоктардың бағасы 800 мың теңгенің шамасында. Ал оралдық кәсіпкер оның құнын 146 мың теңгеден қойып отыр. Өндіріс цехтарын ұлғайтып, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа тарту, ортопедиялық құрылғылар мен ерекше балаларға арналған аспаптар жасау келешектің еншісіндегі шаруалар.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте жаңа жылды безендіруге бөлінген ақшаны жетім балаларға таратып берді

Шығыс-тибет медицинасының жетекшісі әр күнге арналған пайдалы 10 кеңесін ұсынды

Ғалымдар науқастарға әйел-дәрігерлерге қаралуға кеңес береді

Қазақстанда елшілердің жұбайлары мұқтаж жандарға 36 млн теңге ақша жинады

Қазақстандықтар жәрдемге мұқтаж жандарға үй алып беру үшін 1 теңгеден жинап жатыр

Талқылау