Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бұлақтікі деп кранның суын сатқандардың ашкөздігі жұртты шошытты

Шүмектегі суды шөлмекке құйып сатқан! Алматыда белгілі кәсіпорындардың бірі бұлақтікі деп, кран суымен жұртты алдап келген,-деп жазды КТК арнасы.

Мұны ауызсу құятын атышулы цехтің бұрынғы жұмысшылары айтып берді. Тіпті, 19 литрлік бөшкелер лас жерде толтырылады екен.

Соның кесірінен, судан түрлі қоқыс шығып, тұтынушылар кәсіпорынға талай шағымданыпты. Бірақ, мұның бәрін біле тұра басшылық бастан асатын олқылықты түзеуге тырыспаған. Ал, санитар мамандардың жоспарлы тексерісінен қашып құтылыпты.

Халық арасында сұранысқа ие су маркаларының бірі осы жерде өндіріледі. Тіршілік нәрі шығатын цехтегі көрініс адам шошырлық.

Кіре-берістен бастап әбден кір басқан. 19 литрлік бөшкелерді толтырып жүрген жұмысшыларда арнайы киім атымен жоқ. Тіпті, су құйылған ыдысты жабатын қақпақтар қоқыс салатын шелекте жатыр.

Ең сорақысы, ыдысқа бұлақ емес, шүмектің суы құйылады екен. 17 жылдан бері кәсібін қыздырған мекемедегі бастан асатын былықты сол жердің экс-жұмысшылары айтып берді.

«Шлангаменен кәдімгі қарапайым суды алып, соны сатып жатыр. Қазір экспедиторлар мен жүргізушілерге құйдырып жатыр суды»,-дейді  кәсіпорынның бұрынғы  қызметкері Бауыржан.

Осы өніммен талай адам шөлін қандырып жүр. Бөшкесі 600 теңге тұратын суды, әсіресе, кеңселер көптеп алады. Сол клиенттер де ауызсудан түрлі қоқыс шығып, талай шағымданған. Лас жерде құйылатын тіршілік нәрінен құрт-құмырсқаға дейін табылыпты.

«Құрт-құмырсқалар, Сосын топырақ, шаш шыққан кездері болды. Салфеткаға дейін шыққан ішінен»,-дейді дейді  кәсіпорынның бұрынғы  қызметкері Бауыржан.

Бірақ, компания басшылары мұның бәрін жылы жауып үйренген. Ал, кәсіпорын ғимаратына бізді аттап бастырмады. Күзетшілерге ешкімді кіргізбеу туралы бұйрық берген олар ақыры жауаптан қашып құтылды.

«Суымыз пайдалы, шипалы» деген жарнамасы жер жарған кәсіпорын санитар мамандардан да айласын асырыпты. Мәселен, ол биыл тамызда жоспарлы тексерістен өтуі тиіс еді. Бірақ, тықыр таянғанда директоры цехті уақытша жауып тастаған.

« Цехтің басшысынан хат түскен. Бұл цех жұмыс істемейді деп. Сондықтан, ерекше тәртіп бойынша бұл су өндіретін цехі тексерілмеген»,-дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулықты қорғау бөлімінің басшысы  Әнел Мұсаева.

Дегенмен, бұған дейін СЭС мамандарына шағым түспепті. Ал, бұдан кейін ауызсу шығатын кәсіпорында тексеріс басталуы мүмкін. Сөйтіп, сапасыз су сатқандарға қатысты әкімшілік іс қозғалмақ.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев «болашақ президенттің» кім екенін атады

Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне ота жасалды

Сотталып кеткен атышулы Қайрат Жамалиевтің жазасы тағы да жеңілдеді

 

Талқылау