Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда адам қағып өлтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр

Алматыда жеңіл автокөлік жүргізушісі адам қағып, өлтіріп қойды. Бұдан кейін жүргізуші оқиға орнынан ізім-ғайып жоқ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

513513013

Оқиға Сүйінбай көшесінің бойында (Бекмаханов көшесіне жетпей) орын алған.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жаяу жүргінші рұқсат етілмеген жерден жолдан өтпекші болған. Автокөлік жүргізушісі кенеттен шыға келген жүргіншінің әрекетіне тоқтап үлгере алмай, оны қағып өлтірді. Артынша оқиға орнынан ізін суытты. Мерт болған ер адамның қанша жаста болғаны белгісіз. Алайда тексеріс барысында одан шылым қоспасы табылды.

513513014

Адам қаққан жүргізушінің көлігі жол апаты орын болған жерге жақын маңнан Жигулевский көшесінің бойынан табылды. Жүргізуші көлігін тастап, қашып кетіпті. Қазір полиция оны іздестіріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Теміртауда пәтердегі өрттен 5 жасар қыз көз жұмды

Атырауда көршісін пышақтап өлтірген азамат ұсталды

Павлодарда трамвай тағы да апатқа ұшырады

Петропавлда ұлттық гвардия курсантын өлтіріп кетті

Талқылау