Алматыда 56 автокөліктің бүйір айнасын шешіп алған ұры сотталды
Алматыда автокөліктердің бүйір айналарын ұрлаумен айналысқан ер адамға қатысты үкім шығарды. Күдікті 56 автокөліктің бүйір айнасын шешіп алып, бас-аяғы 7,5 миллион теңге шығын келтірген.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Оңтүстік шаһардың көшелерінде, көбіне Бостандық ауданында ұрлықшы 2015 жылдан бастап 2017 жылдың наурыз айына дейінгі аралықта екі жыл әрекет еткен.
Азамат Ж. екі жыл бойы Carcity көлік базарына келіп, жеңіл автокөліктердің бүйір айналарын сатып жүрген. Базар сатушыларының айтуынша, ұрлықшы оларға автокөлік бөлшектейтін туысқанымен жұмыс жасайтынын, еңбегінің ақысына автокөліктердің бүйір айналарын алатынын айтып жүрген.
Соттың соңғы отырысында айыпталушыға екі жыл алты ай мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жеке мүлкі тәркілеуге ұшыраған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Алматы облысында алаяқ казинода “ұтылған” көліктерді сатамын деп жұрттың ақшасын жымқырған
Ресейлік әйел шамаданға жасырынып Түрік шекарасынан өтпекші болды (видео)
Қызылордалық келін дінге бет бұрған енесінің сәлем салғызбай қойғанына ұялып жүр
Бердібек Сапарбаев өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді