Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғындары жерді сүріп жатқандарға қарсы шығып, бульдозердің астына түсті (фото)

28 маусым күні таңғы сағат 6-дан бастап Алматы қаласының «Орбита» ықшамауданында тұрғындар ұйықтап жатқан уақытта бульдозермен автотұрақты сүре бастады. Жұмысшылар шатыр мен қақпаны, темір жақтауларды қирата бастады. №17 көлік тұрағына 17 қабатты тұрғын үй салынбақ, деп жазады Время газеті.

95_main

Тұрғындар ұйқысынан оянған соң топ болып өздері 30 жыл бұрын салған 400 автотұрақты қорғауға барды.

Посткеңестік кезеңде бұл жерді «АВТО-Холдинг Компанисы» ЖШС жалға алып, келісім бойынша қызмет көрсету мен қауіпсіздігін мойнына алған. 2009 жылы фирманың әкімдікпен жасасқан келісім аяқталып, тұрақ жеке меншікке өтіп кетеді. Әкімдік жер учаскесін 4 жыл бұрын «Тамерлан» ЖШС-не береді. 2012 жылы қала әкімінің бұйрығымен тұрақты сүріп, орнына көпқабатты үй салу керек болады. Тұрғындар Бостандық аудандық сотына арызданғанымен оң шешім таппайды.

photo_2

Алайда билік өкілдері жағдайды ушықтырмас үшін оларға «Егер 400 көлікке арналған жабық паркингі бар орын берсе, көлік иелері тұрақты босатады» деген ұсыныс жасайды. 3 жыл ішінде «Тамерлан» ЖШС ыңғайлы орын таппаған соң, әкімдікке қайта барып, тұрақ орнына 2018 жылға дейін құрылыс жүргізуге рұқсат алады. Тұрғындарға көлігін балалар ауласында қоюға рұқсат беріледі. Ал, жақында Әділет департаменті атынан “АВТО-Холдинг Компаниясы” ЖШС-ның талап ету қаулысы келген.

photo_2

Заңгер Сергей Уткиннің айтуынша, “АВТО-Холдинг Компаниясының» тұрақты босатуы туралы сот шешімі бар. Бірақ көлік иелерінің тұрақтан кетуі туралы сот шешім жоқ. Көлік пен шатырлар олардың жеке мүлкі болғандықтан, сот орындаушыларының ол жерді бұзуға құқығы жоқ.

Тұрғындар сүріп жатқандарға қарсы шығып, бульдозерлердің астына түсе жаздады. Кейбір тұрғындар жарақат алып, үсті-басы қан болды. Алайда, сүрушілер жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Полицейлер де мұның заңды екенін айтып, тоқтау салмады.

Сот орындаушы Алмас Рахимовтың айтуынша, әкімдік жерді «Тамерлан» ЖШС-на бергенімен ол әлі де өзінің жеке мүлкі ретінде саналады.

«Көпқабатты үйді Үлкен Алматы өзенінің орнына жерасты өткелімен және тұрағымен бірге салмақ. Ол тұрғын үйді салса, Шахандағы немесе Алғабастағы секілді құлай ма деп қорқамыз. Ол нысандарды да «Астана құрылыс» компаниясы салған. Оның үстіне жанындағы үйлерге күн сәулесін түсірмей жауып қалады. Ғимарат судың әсерінен қисайып немесе жер сілкінісі кезінде бұзылуы мүмкін», – дейді көлік иесі Василий Кисилев.

Тағы да оқыңыз:

Америкада тұратын 101 жастағы қазақ әже нағашыларын іздейді (фото)

Алматыда 50 бөлмесі бар үй сатылымға қойылды

ДАИШ әскерімен күле жүріп атысқан снайпер қыздың батылдығы елді таңғалдырды (видео)

Сапарбаев шетелдік елшілермен асық ойнап, садақ атты (фото)

Талқылау