Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДАИШ әскерімен күле жүріп атысқан снайпер қыздың батылдығы елді таңғалдырды (видео)

Түрік журналисі Hemze Hamza желідегі парақшасында снайпер қыздың атысы түсірілген видеоны жариялады.

18514263_227598747738819_4508189366861955072_n

Оқиға Сирияның Ракка қаласында болған. Снапер қыз террорлық ДАИШ ұйымының (Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) жауынгерлерімен атысуда. Қарсы жақтың оғы қабырғаға тиіп, қыздың жанынан басына тимей жанап өтті.

Көпшіліктің болжауынша, қыз Драгунов мылтығымен атысып жатыр. Снайпер қыз сәл болмағанда ажал құшуы мүмкін болғанымен, өзін сабырлы ұстап айналасындағыларға күле қарап тұр. Желі қолданушылары да қыздың батылдығына қайран қалды.

Тағы да оқыңыз:

Рианна Сауд Арабиясынан шыққан миллиардермен көңіл қосты (видео)

Қырғызстанда тура шекарада қанды теракті жасамақ болғандар қолға түсті

“Иванушки” тобының экс-әншісі ауыр жағдайда жатыр

Талқылау