Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дәретханаға түсіп кеткен телефонның кесірінен үш адам көз жұмды

Алматы облысы, Қырғауылды ауылында жеке үйдің дәретханасына құлап кеткен екі ересек адам мен 10 жасар қыз көз жұмды.

сортир1206

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі де аталған қайғылы оқиғаны растады. Оқиға 6 маусым күні болған.

Қайтыс болғандар – 30 жастағы ер адам, 24 жастағы қыз және 10 жастағы қыз бала. Олар туыстарының үйіне қыдырып келген.

Бастапқыда шұңқырға телефонын түсіріп алған қыз бала құлап кеткен. Сосын оны құтқарамын деп онда ересектер де түсіп кетеді. Ер адам қыздың әкесі болса, 24 жастағы қыз тәтесі екен.

Полиция аталған оқиғаны тексеріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Алматыдағы ірі жол апаты: Автобус 8 көлікті жаншып тастады (фото)

Қарағанды облысында балалар толы отырған кафені джип көлігі бұзып кірді (видео)

Қарағандыдағы жол апаты: Жігіттің аузына темір арматура кіріп кетті (видео)

ЭКСПО-да белгісіз ер адам Түркіменстан президентіне тұра ұмтылды (видео)

Талқылау