Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ірі жол апаты: Автобус 8 көлікті жаншып тастады (фото)

Алматыда екі бағыттық автобус пен бес жеңіл автокөлік соқтығысып, бес адам зардап шекті.

2495167

Бұл туралы Sputnuk хабарлайды.

Жедел жәрдем BMW көлігіндегі жәбірленушілерді ауыр хәлде ауруханаға жеткізді. Автобус жолаушысы да зардап шекті, оған оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

2495212

Апат Алтынсарин көшесінің бойында – Қуанышпаев және Ұлықбек көшелерінің арасында орын алды. Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, №124 автобустың тежеуіші істен шыққан болуы мүмкін. Ол қатты жүріп келе жатып BMW көлігін соқты, соққыдан жеңіл көлік №63 автобусқа соғылды. Автобус төрт тұрақта тұрған жеңіл көлікті сүріп кетті.

Оқиға орнына келген құтқарушыларға адамдарды көліктен шығару үшін оны кесуге тура келді. Апат салдарынан зардап шеккен бес адамға медициналық көмек көрсетілді.

Қазір жол апатының болу себебі мен зардап шеккен адам саны нақтыланып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Талқылау