Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында балалар толы отырған кафені джип көлігі бұзып кірді (видео)

Полицияда атап өткендей, жүргізуші көлігін басқара аламай, 6 жасар баланы қағып, дәмхананың есігіне кіріп кетті.

9139600

Қарағанды облысының Абай қаласында автокөлік баланы қағып, дәмханаға кіріп кетті, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Кудияров.

“Алдын ала мәліметтерге сәйкес, автокөлік жүргізушісі көлікті басқара алмай 2011 жылы туға жаяу жүргіншіні қағып, одан кейін дәмханаға кіріп кеткен”, — деп ақпараттандырды Кудияров. Жүргізушіге қатысты “ешқайда кетпеу туралы” бұлтартпау шарасы қабылданды.

Өңірлік “Новвый вестник” порталына көзбен көрушілер хабарлағандай, жол апаты кезінде дәмханада бала көп болған. Ол жерден баланың туған күнін атап өтіп жатқан. Сондай-ақ көзбен көрушілердің сөзіне қарағанда көлік жүргізушісі мас болған. Полицияның мәліметтеріне сәйкес, жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Әлеуметтік желіде Абайда болған видео жарияланды. “Бүгін Абайда “Бомонд” мейрамханасы маңында мас автокөлік жүргізушісі бүлдіршінді қағып кетті”, — деп жазылған Instagram пабликлындағы видеода.

“Сегодня у ресторана “Бомонд” в Абае был совершён наезд пьяного автовладельца на ребёнка” 📹от подписчика __ Если вы стали свидетелем интересного инцидента, то обязательно пришли его на @skandal_krg Поделись с друзьями! Подпишись на @skandal_krg ___ #караганда #karaganda #алматы #астана #тараз #шымкент #талдыкорган #актау #атырау #орал #актобе #темиртау #семей #оскемен #павлодар #сатпаев #экибастуз #петропавл #костанай #казахстан #казах #кызылорда #жезказган #балхаш #kazakhstan #политех #ggg

Публикация от 😡Караганда😡 (@skandal_krg)

Талқылау