Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Алматы-Қостанай» бағытындағы пойыз 5 сағат бойы тоқтап тұр

Алматыдан Қостанайға бағыт алған жолаушылар пойызы «Есіл» стансасында тоқтап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жолаушылардың сөзінше, пойыз бүгін сағат 03:00 шамасында тоқтаған.

«Біз мінген пойыз бір тоқтап, бір жүріп келе жатты. Жолсерік дөңгелектен ақау шыққанын айтты. Шамамен 5 сағат болды тұрғанымызға. Пойыз іші жылы. Бірақ дәретханалар жабық. Адамдарды сыртқа шығармайды», – деп хабарлады Гүлнұр Мейрамқызы есімді жолаушы.

Естеріңізге сала кетсек, 15 желтоқсан күні «Алматы-Қостанай» жолаушылар пойызы Ақмола облысының аумағында тұрып қалған еді.

Оқи отырыңыз:

Миллиардтарды үнемдеу: Стартаперлер электрді үнемдеудің тәсілін тапты

Құман Тастанбековпен қоштасу рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Елбасы даңқты спортшы Тимур Сегізбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Назарбаев Құман Тастанбеков туралы: Оның жарқын бейнесі халық жадында сақталады

Талқылау