Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әлемдегі ең арзан қалалар тізіміне енді

Үшінші жыл қатарынан Сингапур мекендеу үшін әлемдегі ең қымбат қала болып танылды.

Ui0idY252FY4e2972tVr42DLBYHuiV

Сурет yvision.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Екінші орында – Цюрих (Швейцария), ал үшінші орында – Гонконг (Сянган).

Алғашқы ондыққа Женева (Швейцария), Париж (Франция), Лондон (Ұлыбритания), Нью-Йорк (АҚШ), Копенгаген (Дания), Сеул (Корея Республикасы) және Лос-Анджелес (АҚШ) кірді.

Ең арзан мегаполистердің ішінде Замбия астанасы Лусака, сонымен қатар үнділік Бангалор мен Мумбаи бар. Бұл ондыққа сонымен қатар: Алматы (Қазақстан), Алжир (Алжир), Ченнаи (Үндістан), Карачи (Пәкістан), Нью-Дели (Үндістан), Дамаск (Сирия) және Каракас (Венесуэла) кірді.

Бұл рейтингтерді құрастырғанда сарапшылар 160 тауар мен қызметтің бағасын ескерген.

Талқылау