AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі​ алқа мүшесі (министр) болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ЕЭК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Сағынтаевты ЕЭК алқа мүшесі етіп тағайындау туралы шешім 23 мамыр күні Мәскеуде қабылданған. Бұл қызметте ол Руслан Бекетаевты алмастырды. Сағынтаев Бекетаевты тағайындау кезінде айқындалған өкілеттіктердің қалған мерзімінде жұмыс істейді.

Айта кетсек, Руслан Бекетаев 2021 жылдың 5 наурызынан бастап Қазақстан Республикасынан ЕЭК алқасының жаңа мүшесі (экономика және қаржы саясаты министрі) ретінде жұмыс істеді.



Еске сала кетейік, Бақытжан Сағынтаев 2022 жылдың қаңтарында Алматы қаласы әкімі лауазымынан босатылған еді. Ол ірі мегаполиске әкім болып 2019 жылдың 28 маусымында бар. Одан бөлек:

1985-1988 жылдары – Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының оқытушысы;

1988-1992 жылдары – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті;

1992-1993 жылдары – Maруе туристік-коммерциялық компаниясының президенті;

1993-1997 жылдары – "Қазмет" АҚ бас директоры;

1997-1998 жылдары – "ЛУКойлнефтегазстрой-К" ЖАҚ бас маманы, бас директорының орынбасары;

1998-1999 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;

1999-1999 жылдың қазанына дейін – Қазақстан Республикасы шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары;

1999 жылдың желтоқсанынан 2001 жылдың қаңтарына дейін – "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ басқарма төрағасы;

2001 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары;

09.2002-29.09.2004 жылдары – Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

29.09.2004-11.12.2007 жылдары – Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы;

11.12.2007-30.09.2008 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы

30.09.2008-20.01.2012 жылдары – Павлодар облысының әкімі;

20.01.2012-09.2012 жылдары – Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрі;

09.2012-01.2013 жылдары – "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары;

16.01.2013-11.2013 жылдары – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының өңірлік даму министрі;

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары (06.11.2013; қайта тағайындалды - 04.04.2014; қайта тағайындалды - 30.04.2015 - 09.09.2016);

09.09.2016-21.02.2019 жылдары – Қазақстан Республикасының премьер-министрі;

01.03.2019-24.03.2019 жылдары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр