Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының бас дәрігері тұрғындардан дәріханаға бармай-ақ қоюды сұрады

Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров тұрғындардан дәріханаға бармай-ақ қоюды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Надыровтың айтуынша, дәрігерге қаралмай жатып өз бетінше дәрілер қабылдауға болмайды. Ондай препараттар ауруды тіпті асқындырып жіберуі мүмкін. 

"Өздігінен емделуге болмайды. Алдын ала инфекциядан қорғайтын дәрі дәрмек ішу керек, ол коронавирусты емдейді деген секілді жалған ақпараттарға сенбегендеріңіз абзал. Кез келген емді мамандармен, дәрігерлермен кеңесе отырып жүргізу керек. Әйтпесе, оның пайдасы болмайды, кері әсерін беріп, денсаулығыңызға қауіп төндіруі мүмкін", - дейді Қамалжан Надыров. 

Дәріханаларға барып өз беттеріңізше дәрі алмаңыздар, вирусты өздеріңіз емдеуге тырыспаңыздар бірден жедел дәрдем шақырыңыздар деп халықты тәртіпке шақырды Надыров. Осылайша Алматының бас дәрігері тұрғындарды дәріхана бармай-ақ қоюды сұрады.

"Сондықтан мен тұрғындарға байбалам салып, қажетсіз дәрі-дәрмектер үшін шығынданбауға, дәрігердің нұсқауынсыз ешқандай препарат қабылдамауға шақырамын. Осы тұрғыдан өте мұқият болуыңыз керек", - дейді Қамалжан Надыров. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр