Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматыметроқұрылыс" ұйымының директорлар кеңесінің төрағасы ұсталды

27 қараша кешкісін "Алматыметроқұрылыс" қызметкерлері жаңадан салынып жатқан "Сарыарқа" бекетінің алдына жиналыпты. Олардың айтуларынша, "Алматыметроқұрылыс" ұйымының директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімовтың ұсталыпты. Кейбір қызметкерлер осының салдарынан метро құрылысын қаржыландыруға байланысты мәселе туындауы мүмкін екендігін айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кейіннен "Алматыметроқұрылыс" ұйымының директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімовтың ұсталғаны расталыпты. Бұл туралы ақпаратты оның қорғаушысы Тengrinews.kz сайтының тілшісіне мәлімдеді.

Заңгердің сөзінше, Рейімов 27 қараша күні ұсталып, қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілініпті. Дегенмен тергеуші жаза шығару туралы актісін жарияламапты. Қорғаушы алдағы уақыттар Рейімовтың екі-үш күнге қамауда болатынын жеткізген. 

Оқиғадан кейін Алматы әкімдігі метро құрылысы еш өзгеріссіз бұрынғы қалпында тоқтамай жалғаса беретіндігін айтты. 

"Біздің "Достық" және "Сарыарқа" бекеттерінің құрылысын тоқтату туралы ойымызда да жоқ. "Алматыметроқұрылыс" шарты бойынша өз қызметін жалғастыратын болады", - делінген ресми хабарламада. 


 

Талқылау