Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді: Тұрғындарға ескерту хабарламасы келді

зілзала АлматыФото: freepik.com

Алматы тұрғындарының ұялы телефонына жер сілкінісі туралы ескерту хабарламалары келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласында жер сілкінгенін растады.

“Ақпарат нақтыланып жатыр. “ҚР ТЖМ "ҰҒСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Алдын ала мәлімет бойынша, сейсмикалық оқиға Алматы қаласында сезілген. Жер сілкінісі туралы деректер нақтыланып жатыр", – делінген хабарламада.

ескерту хабарламасыСкрин: Stan.kz 

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары: 42.032º солтүстік ендік, 76.784º шығыс бойлық. Жер сілкінісінің тереңдігі – 10 шақырым. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.1, магнитудасы (MPV) – 4.9.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілу деңгейі: есептік қарқындығы – сезілмеген.

Фото: google.map

Жұмаділлә Нұрила
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 12:47
Талқылау