Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғындарды хайп жасады деп айыптаған: Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетіп, бизнеспен айналыспақшы

Бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Сапарбек Тұяқбаев қызметінен кетіп, бизнеске бет бұрмақшы. Ол жазда алматылықтар дәріханаларда дәрі-дәрмектің жоқтығына шағымданғанда оларды хайп жасады деп айыптаған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сапарбек Тұяқбаев

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары, әріптестер, достар! Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымында бір жылдан астам уақыт жұмыс істедім. Әлеуметтік және кәсіпкерлік саласымен жұмыс істей отырып, тамаша адамдармен, өз саласының нағыз кәсіпқойларымен танысуға және қатар жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін тағдырыма ризамын", - деп жазды Тұяқбаев Facebook парақшасында.


Ол қала тұрғындарына шешімін таппай тұрған мәселелерді көтергендері үшін алғыс айтты.

"Әдемі, жарқын және бірегей Алматы қаласының тұрғындарына өз ризашылығымды білдіргім келеді. Алматы тұрғындарының ерекшелігі - қала мәселелері мен міндеттеріне көз жұмып қарамайды. Қала үшін уайымдайды... Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қиындықтарға төтеп бере алды", - деді Сапарбек Тұяқбаев.

Ол Алматыда жұмыс істеу үлкен қуаныш екенін жасырмайды. Бұрынғы мемқызметкер бизнеске бет бұруды жоспарлап отырғанын айтты.

"Менің инвестицияларды, кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы жұмыс тәжірибем бизнесте іс бастауға көмектеседі деп ойлаймын", - деп мәлімдеді Тұяқбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 13 шілдеде Сапарбек Тұяқбаев онлайн-брифингте қалада дәрі-дәрмек жеткілікті екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, "осыған байланысты кейбір адамдар хайп қуып жүргенін" айтқан еді. 

Талқылау