Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар мобильді интернеттің жоқтығына шағымдануда

Алматы тұрғындары сайлау күні жұмыс істемей қалған мобильді интернетке шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мобильный интернет

Қала тұрғындары Алматының орталығында мобильді интернет мүлдем істемей тұрғанын жарыса жазуда. Алматылықтар бір-біріне тек қоңырау шала алатын көрінеді. 

Бұған қоса, қаланың екі алаңында мобильді интернеттің жоқтығы анық байқалады. Кейбір деректер бойынша, мұнда заңсыз митингтер қтуі мүмкін. 

Еске салайық, бұған дейін елімізде сайлау күнінде тәртіпті сақтау үшін 40 мың полицей жіберілгені айтылған еді. 

STAN.KZ
Жексенбі, 10 Қаңтар, 2021 10:47
Талқылау