Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар "Қазақстан" қонақүйінің алдындағы субұрқақтың бұзылғанына шағымданып, оны қайта қалпына келтіруді талап етті

Алматылық белсенділер "Қазақстан" қонақүйінің алдындағы мемлекеттік субұрқақтың бұзылғанына қарсы шығып, әкімдіктен оның жанындағы құрылысты тоқтатуды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Foursquare

Алматылықтардың айтуынша, бұл субұрқақ – Алматының тарихи келбеті. Ал оның орнына жазғы кафені салмақ болған. 

“Тұрғындар Алматының тарихи келбетінің айуандықпен бұзылуына және үш ай бойы заңсыз жүргізілген құрылысқа әкімдіктің үн қатпағанына наразы. Қала мен оның көрікті жерлерін бұзған әрекет бізді ашуландырады. Алматылықтар субұрқақ бассейнінің аумағын қысқартқан оң жақтағы заңсыз жазғы кафенің құрылысын тоқтатып, оны толықтай бұзып тастағанын талап етеміз. Ал субұрқақ бассейнін бастапқы орнына орнатуды сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Айтуларынша, субұрқақ құрылысы мұрағаттық сызбалар бойынша қатаң түрде жүргізілуге тиіс. Субұрқақ ағынының биіктігі 15 метрден жоғары болуы керек.

Алматы қалалық қала құрылысын бақылау басқармасының Медеу және Түрксіб аудандары бойынша сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің басшысы Дәурен Тұрысбеков Дәулетқасымұлы жағдайға түсініктеме беріп, тексеріс басталғанын мәлімдеді.

"Қазір Алматы қаласының құрылысын бақылау басқармасы аталған учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтатты. "Крон Стар" ЖШС-нің иесіне "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңының талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ол.

Талқылау