Алматылықтар Ерболат Досаевқа көпқабатты ғимараттардан арылуды ұсынды
Алматыда құрылыстың сейсмикалық тұрақтылығына қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы әкімімен кездесуге келген Жетісу ауданы тұрғындарының бірі барлық көпқабатты ғимараттарды Алматыдан Gate City-ге көшіруді ұсынды. Әкім Ерболат Досаев қалада ғимараттарың биіктігіне шектеу қойылғанын айтты.
"Біз қазірдің өзінде ең сейсмикалық белсенді аймақтағы қаланың жоғарғы бөлігінде ғимараттың қабаттылығын шектедік, олар 9 қабаттан аспайтын болады. Бұл мәселелердің барлығы өздеріңізбен бірге талқылаған бас жоспар жобасында да ескерілген жоба бекітілген кезде мәселенің бәрі анықталады", – деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар қала басшысы кеше Мемлекет басшысы "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң арқылы құрылыс пен жер сілкінісіне төзімділікке байланысты талаптарды күшейтетін тәсілді мақұлдағанын жеткізді.
"Көктемгі мәслихат сессияда бұл жұмысты бастаймыз деп үміттенемін, мәслихат депутаттары бізді қолдайды және бізде қаланың өзі стандарттарға қатысты ерекше жайттарды бақылайтын болады. Тиісті нормалар енгізіледі және күзден бастап қолданылады деп үміттенемін. Мен ақылға қонымды құрылысты қалаймын, алайда қала өсіп келеді, миграция барған сайын артып жатыр", – деді қала әкімі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік