Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар барахолкада қаптап жүр: Әлеуметтік желіде видео таралды

Әлеуметтік желіде Алматының танымал "барахолка" базарында адамдардың жаппай жиналып, сауда жасап жүргені түсірілген видео таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

,fhf[jkrf

Бейнежазбаны жүктеген Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов апта сайын рейд жүргізілетінін мәлімдеді. 

"05.08.2020 ж. рейд барысында мобильді топ "Алатау-1"базарында шектеу шараларын сақтамау фактілерін анықтады. Базар басшылығы алтын бұйымдарын сатуды жолға шығарды, бұл адамдардың көп шоғырлануын тудырды. Әлеуметтік қашықтық шаралары сақталмады, еденде белгілер болмады. Осыған байланысты «Достар Сауда» ЖШС-не қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 861 мың теңге сомасына әкімшілік хаттама толтырылды", - деп жазыпты шенеунік желідегі парақшасында.

Бұған қоса ол  рейдті тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында Жетісу ауданының КБМТУ (аудандық СЭС) қызметкерлері Жетісу ауданы әкімі аппаратының және полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізетінін айтады. 

Талқылау