Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық полицейлердің жалақысы қанша

Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов ішкі істер органдарының модернизациясы полицейлердің жалақысына қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

екібастұз

Алматы полициясының басшысы Facebook-тегі тікелей эфир кезінде пайдаланушының сұрағына жауап бере отырып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысын айтты.

"Жол картасы және ІІО жүйесін жаңғырту аясында полиция қызметкерлерінің жалақысы 65 пайызға артты: сержанттар құрамының қызметкерлері - 93-тен 140 мың теңгеге дейін, офицерлер құрамының полиция қызметкерлері - 124-тен 174 мың теңгеге дейін.

Сонымен қатар, Алматы ПД қызметтері мен бөлімшелерінің 718 қызметкері ай сайын тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы алады. Ішкі істер органдары жүйесін жаңғыртуға дейін бұл сан 414-ті құрады. Аталған өтемақыны осы кезеңде жедел бөлімшелер, тергеу, анықтау, жедел әрекет ететін арнайы жасақ қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция қызметкерлері, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері алады", - деді Қанат Таймерденов.

Талқылау