Алматылық “Қайрат” Жетісу құрамасын ойсырата жеңді
Фото: Stan.kz
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 24 турында “Қайрат” футбол клубы өз алаңында талдықорғанның “Жетісу” құрамасын қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сары-қаралар бірден ойынды қарқынды түрде бастап, Жетісуға гол соғуға еш мүмкіндік бермеді. Бірінші таймның тоғызыншы минутында Жетісу командасы ойын ережесін бұзып, Дастан Сәтпаев пенальти соғуа мүмкіндік алды. Нәтижесінде “Қайрат” есеп ашты. Ал бірінші таймның соңында Жоржиньо қарысыластарының қақпасына 2 мәрте гол соғып, дубль авторы атанды.
Ал екінші таймда Жетісу командасы қарқынды бастағанымен “Қайрат” құрамасының осал тұсын таба алмады. Осылайша ойын барысында тағы екі гол соғып, Жетісуға еш мүмкіндік қалдырмады. Ойын 5:0 есебімен аяқталып, Алматылық команда ҚПЛ рейтингінде көш бастады.
Талқылау

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі

"Тиіндерді өлтіресіздер": Алматылықтар әкімдіктің егеуқұйрықтарды улау шарасына наразы
Сөздерінше, осылайша олар кеміргіштерден бұрын құстар мен тиіндерге, мысықтарға зиян келтіреді