Криштиану Роналду – Аль-Насрдағы екінші ең жылдам ойыншы

"Аль-Наср" клубының бас бапкері Жорже Жезуш команда капитаны Криштиану Роналдудың физикалық және зияткерлік деңгейін ерекше атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маманның айтуынша, 39 жастағы португалиялық шабуылшы әлі де жоғары дайындықта және командада жылдамдығы бойынша екінші, ал жоғары жылдамдықтағы спринт саны бойынша үшінші орында тұр.
"Криш — таңғаларлық спортшы. Ол тек алаңда емес, өмірде де өте ақылды адам. Оның білімі мен тәжірибесі футбол шеңберінен әлдеқайда кең. Роналду өзін жақсы біледі, денесін сезінеді және әр жаттығуда бар күшін салады. Сол себепті ол сирек жарақат алады", – деді Жезуш.
Бапкердің пікірінше, Роналдудың табысының сыры – кәсіби тәртіп пен өзін-өзі бақылауда.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"

