Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық кәсіпкер Әбдіғаппаровтың ісі бойынша Болат Назарбаевтың қызы да сотта жауап беруі мүмкін

9 ай бойы жүргізілген тергеу шараларына кейін Алматы соты Parmigiano Group компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты қылмыстық істі қарауды бастады. Оны бөтеннің сеніп тапсырған аса ірі мөлшердегі мүлкін жымқырды немесе пайдасына жаратты деп айыптауда. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кәсіпкердің қорғаушы заңгерлері Сәуле Кобжанова, Наталья Гуторова, Айнұр Әкімбетова және сотталушының жұбайы Ольга Әбдіғаппарова кәсіпкердің кінәсін дәлелдейтін басты дәлел – түбіртекті тергеу құжаттарынан алып тастау туралы сотқа өтініш берді. Өтініште атап өтілгендей, қолхаттың көшірмесі іс хаттамасына дейін пайда болған. 

Іс Esentai City элиталық тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты кәсіпкердің сотқа дейінгі іс қозғалған қолхатпен өтуде. Қылмыстық істің жай-жапсарында айтылғандай, AV Construction ЖШС директоры Рауан Бабаев, сонымен қатар Әбдіғаппаровтың жиені кәсіпкерге жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы ақша алуға қолхат берген. Әбдіғаппаров Валерия Рахметжанованың клиентінен 840 миллион теңге алғанымен, компания қазынасына аударылған қаражаттың жартысы ғана түскен.



Әбдіғаппаровтың адвокаттары сондай-ақ Esentai City жобасының құрылтайшылар кеңесінде болған Болат Назарбаевтың қызы Құндыз Назарбаев пен оның ұлынан да жауап алуды ұсынды. Заңгердің сөзінше, Құндыз Назарбаева жобадан шыққан соң Әбдіғаппаровтың үлесі 3,5 миллион долларды құрағанына қарамастан 11 вилла (әрқайсысы 3 миллион доллар тұрады), жалпы ауданы 2700 шаршы метр болатын ондаған пәтер мен автотұрақ алған. Мұнымен қоса жоба мүшелерінің үлестері бірдей болғанымен, жобадан шығар уақытта алған үлестерінде 20 пайыз айырмашылық болған.

Медеу аудандық соты Алмас Әбдіғаппаровқа қатысты басқа бұлтартпау шарасын таңдау және істі прокуратураға қайтару туралы өтінішті қанағаттандырмады. Сот оны қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Ақберен Амангелді
Жұма, 08 Сәуір, 2022 16:03
Талқылау