Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қамауға алынған Алмас Әбдіғаппаровтың әйелі жеке мүліктеріне заңсыз шектеу қойылғанын айтты

Қамауға алынған "Parmigiano Group" мейрамханалар желісін құрушы Алмас Әбдіғаппаровтың әйелі жеке мүліктеріне заңсыз тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап.

Сот кәсіпкердің заңсыз әрекеті нәтижесінде алынған мүлкін тәркілеуге байланысты тыйымда ұстау керек деп есептеген. Мәселенің басы Ольга Әбдіғаппароваға үйленгенге дейін тіркелген 13 компаниядан басталып тұр.

Қорғаушы істі басқа органға беру туралы өтініш бергісі келетінін мәлімдеді. Адвокаттар полицияның жүргізіп жатқан тергеу әдісіне көңілі толмайтынын айтқан. Танымал ресторатор Алмас Әбдіғаппаров 27 шілдеде серіктесінен миллионға жуық доллар ұрлады деген күдікпен ұсталған. Сол уақыттан бері кәсіпкер түрмеде отыр.


Алматыда танымал бизнесмен Алмас Әбдіғаппаровтың соты көшеде өтті


Адвокаттар оның бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды сұрайды. Әйелі Ольга Әбдіғаппарова күйеуінің не үшін тұтқындалғанын әлі түсінбейтінін айтады. Іс бойынша көпшілікке беймәлім қорытындытан басқа дәлелдер жоқ дейді ол. Сот пен полиция тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып, іс бойынша түсініктеме беруден бас тартады. Ольга Әбдіғаппарова денсаулығының нашарлауына байланысты тергеу изоляторында жедел жәрдем шақырылғанына қарамастан, күйеуімен кездесуге рұқсат берілмегеніне қапалы.

"Мен оның тергеу изоляторына кіре алмаймын. Мен қоғамдық қорғаушы саналамын және ондағы карантиндік шараларға байланысты күйеуімді тіпті көруге мүмкіншілігім жоқ. Қазір біз Қазақстандағы бизнеске қандай жағдай жасап жатқанына назар аудару үшін президентке және жоғары органдарға жолданған хаттарды дайындап жатырмыз", – деді Алмас Әдбіғаппаровтың әйелі Ольга Әбдіғаппарова.

Айта кетейік, Алмас Әбдіғаппаров 24 шілде күні қамауға алынған. Ол серіктестерімен бірге виллаларды сату кезінде 420 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген.

Талқылау