Алматылық белсенділер бұрынғы трамвай депосының аумағында қонақ үй салуға қарсылық білдірді
Алматылық белсенділер бұрынғы трамвай депосының аумағында қонақ үй салуға қарсы. Қалада бірқатар жол апаттарына байланысты көліктің бұл түрінен бас тартқаннан кейін, сол жерде Depo Evolution Park жастар орталығын салу туралы шешім қабылданды. Бірақ белсенділер жердің бір бөлігі жеке тұлғаға тиесілі екенін анықтады. Ал оның мақсаты - қонақ үй құрылысы. Бұған жол бермеу үшін қоғам белсенділері сотқа жүгінуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Онда қонақ үй сипатындағы әкімшілік ғимараттың және көпқабатты нысанның салынуына қарсымын. Біз алаңның немесе қандай да бір қоғамдық орынның бұзылуына жол бермейміз", - деді белсенді Салтанат Тәшімова.
Алматы қаласының бас архитекторы Алмасхан Ахметжанов трамвай депосының аумағында ешқандай қонақ үй салынбайтынына сендірді. Оны депо аумағына кірмейтін жерде салады. Оның сөзін учаскенің иесі де растады.
Алматы әкімдігінде бос қалған орында бұған дейін жоспарлағандай жастар орталығы салынатынын мәлімдеді.
Бұрынғы трамвай депосын қайта жаңарту жұмыстары келесі жылы аяқталады. Жобаға бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады