Алматылық әйел бір бөлмелі пәтерде 139 қоян асыраған
Видеодан скрин
Алматыда жалғызбасты әйел бір бөлмелі пәтерде 139 қоян асырап, көршілерінің мазасын қашырған. Көршілерінің сөзінше, үй қораға айналып, адам төзгісіз иіс шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сасық иіске тұншыққан алматылықтар үш жылдан бері көрші әйелдің үй жануарларымен алысып келеді. Айтуларынша, ауланы сасық иіс басып қалған.
“Тазалық жоқ. Бәріміз ауырып жатырмыз. Мен өзім аллергия болдым. Жоғарыда тұратындар астмамен ауырады. Балалар түгел ауру. Үш жылдан бері бәріміз ауырып қалдық. Үш жыл бойы сөйлестік. Бізден қашады. Есігін ашпайды”, – деді тұрғын Сәуле Нұртазина.
Түркістан облысының тұрғыны үйінде арыстан асыраған (видео)
“Аша алмаймыз, кіре алмаймыз. Сондай жағдайға жеттік. Кеше учаскелік кілті жоғалып, полицейді өзі шақырған екен. Біз ол жақта 15-30 қоян бар ма десек, екі тотықұсы бар, 139 қоян болған”, – деді көршісі Гүлмира Дүйсебаева.
Сорақысы, қояндармен бірге олардың өлексесі де үйдің ішінде жатыр екен. Ақыры іске полицейлер араласып, қоян әкетілді. Ал әйел ауруханаға жөнелтілді. Оның жүйке жүйесінде ақауы бар екен.
“Оқиға орнына барғанда аталған пәтерде үй жануарларының көп мөлшерде және тиісті талаптарға сай келмейтін жағдайда ұсталып жатқаны белгілі болды. Бұл жағдай санитария-эпидемиология қаупіне қатер төндірген. Әкімдік, медициналық қызмет өкілдері және еріктілердің қатысуымен кешенді жұмыс жүргізілді. Пәтер иесі медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды. Қояндар әкетілгенімен, иіс қалды. Енді арнайы мамандар алдағы уақытта пәтерге санитарлық тазарту жұмысын жүргізбек”, – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
