Алматылық әйел 20 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген
49 жастағы алматылық 20 жыл құжатсыз жүрген. Үш баласының да не туу туралы, не жеке куәліктері болмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ольга Денисованың 1974 жылғы үлгідегі (КСРО) паспортын 20 жыл бұрын жоғалтқан, содан бері құжатсыз өмір сүрген. Қиын жағдайды шешу үшін әйел мемлекет басшысына жүгінді.
"Азаматша Денисова Ольга Сергеевна, 1972 жылы туған, 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген. Құжаттардың болмауына байланысты және қиын қаржылық жағдайды ескере отырып, О.С.Денисованың – 1996 жылғы, 1999 жылғы және 2002 жылы туған үш баласының жеке басын куәландыратын ешқандай құжаттары болған жоқ", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
- "Ешкімге керексіз, далада қалдым": Адамдар қалай үйсіз-күйсіз қалып жатыр (видео)
- Ресей тұрғыны 30 жыл көрмеген ұлын Қазақстаннан тапты
Оның сөзінше, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсімдер орындалғаннан кейін, Олар ҚР азаматтары деп танылды.
"Сәйкесінше, оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктері берілді", – деді Асхат Бутунчинов.
Ольга Денисованың қызы өз кезегінде отбасы үшін маңызды мәселені шешкені үшін ризашылығын білдірді.
"Біз еліміздің Президентінен көмек сұрадық, содан кейін олар бізге шұғыл көмектесті, құжаттарды жасады, бұл үшін мен Қазақстан Республикасының Президентіне, ІІМ КМС, Алматы қаласының көші-қон қызметіне алғыс білдіргім келеді", – деп қорытындылады Александра Денисова.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
