Алматыдағы жанармай құю бекетінде жүргізушілер бір-біріне пышақ ала жүгірді (видео)
Алматы қаласындағы жанармай құю бекетінде тәртіпсіздік орнады. Сөзге келіспей қалған екі жүргізушінің бірі қарсыласына пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Жаға жыртысқан азаматтардың бірінің қолында пышаққа ұқсас зат көрінеді.
Бұл туралы Алматы ПД-нің қызметкерлері сөз қозғады.
"Әуезов ауданындағы жанармай құю бекеті. Оқиға жайлы хабар келіп түспеді. Полицияға ешкім келіп шағымданған жоқ. Бейнежазба желіде тарады. Тексеріс амалдары ұйымдастырылды. Оқиғаға қатысы барлар - көлік жүргізушілері. Кезекке дұрыс тұрмай, біреуі екіншісінің жағасынан алған. Бір-бірлеріне қарсы арыз жазудан олар бас тартты. Ден жарақаттары жоқ. Қолында пышағы бар азаматты іс-әрекеті тексеріледі", - деді алматылық ПД-нің өкілі Салтанат Әзірбек.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ