Алматыдағы субұрқақта болған қайғылы жағдай: Зардап шеккендердің халі белгілі болды
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы субұрқақта электр тоғынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
28 жастағы әйелдің жағдайы әлі де ауыр екені белгілі болды.
"Науқастың жағдайы ауыр, жан сақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратынан алынды. Қазір өзі дем алып жатыр", – деді ведомство өкілі.
Оқиға салдарынан зардап шеккен 8 және 10 жастағы қыздар аурухананың бейінді бөлімінде жатыр.
"Екеуінің де жағдайы тұрақты, шағым жоқ, емделіп жатыр", – деп қосты ҚДСБ өкілі.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда субұрқақта үш адамның тоққа түскені айтылған еді. Куәгерлердің айтуынша, көмекке 19 жастағы студент Абылай Балапанов барған. 40-50 жастағы ер адам да көмектесті.
Бұл жағдай туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пікір білдірді.
Ал субұрқаққа жауапты ұйым зардап шеккендердің өздерін кінәлады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”