Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Алматыдағы BRT құрылысы: Райымбек даңғылындағы бордюрлер өзгертіле ме

Алматыда BRT құрылысы кезінде қайта пайдалануға болмайтын бүлінген жиектер ғана ауыстырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қалалық мобильділік басқармасында жолдарды жөндеу кезінде жол жиегіндегі тасты ауыстырылады.

“Жолдарды пайдалану барысында зақымдану немесе орын ауыстыру болуы мүмкін, ал бұл арасындағы жол жарығының пайда болуына әкеледі. Жол жиегі және жол жамылғысы да бүлінуі мүмкін. Соның салдарынан беріктік пен сапа төмендейді. Мұндай жағымсыз олқылықтарды болдырмау үшін асфальтбетон жабынын төсеу арқылы жолдардың пайдалану сипаттамалары бойынша бір деңгейде орнатылған жиектер болуы шарт. Тегістеу оларды ауыстыруды білдірмейді, өйткені бүкіл шекаралар белгілі бір деңгейге қайта орнатылады”, – делінген хабарламада.



Тек ақауы бар зақымдалған жиектер ауыстырылады. Көшелерді жөндеу барысында жиектердің шамамен 3% өзгереді. 

Райымбек батыр даңғылында BRT желісін салу кезінде тек зақымдалған жиектерді ауыстыру жүзеге асырылады. Олардың дәл саны ақау нәтижелері бойынша анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев Райымбек даңғылыBRT жобасы аясында қасбеттен қасбетке дейін жаңартылатынын айтқан еді. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 10:24
Талқылау