БАӘ жасанды интеллект көмегімен жаңа заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр

Фото: Pixabay.com
БАӘ әлемде бірінші болып жасанды интеллект арқылы жаңа заңнама әзірлеуге ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Біріккен араб әмірлігі қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу үшін нейрондық желілерді қолдануды жоспарлап отыр. Жаңа жүйе заңнамалық актілерді жасау процесін 70% жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект түзетулердің қоғам мен экономика үшін қаншалықты тиімді екенін талдай отырып, үнемі жаңартуларды ұсынады. Сонымен қатар сарапшылар технологияның техникалық ақаулар мен қателер түріндегі өзіндік кемшіліктері болуы мүмкін деп санайды.
Еске салсақ, Қазақстанда жасанды интеллект функциялары бар жаңа eGov порталы биыл іске қосылады.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі