Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жолаушылар автобустарын жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушілер айдаған: 15 парктің басшысы жазаланды

Фото: istockphoto.com

Алматы прокуратурасы қаладағы автобус парктерінің жұмысында заңбұзушылықтар анықталғанын хабарлады. Тексерулер нәтижесінде ондаған жүргізуші жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Прокуратура мәліметінше, Алматы қаласында автобус парктері заңнама талаптарын өрескел бұзылғаны анықталған.

Атап айтқанда, жолаушылар тасымалымен “D” санатындағы жүргізуші куәлігі жоқ, көлік құралын басқару құқығынан айырылған, сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдері бар тұлғалардың көлік басқаруына жол берілген деректер тіркелген.

“Анықталған деректер бойынша 15-тен астам автобус паркіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды. Жолаушылар көлігін басқарудан 34 жүргізуші шеттетіліп, олармен еңбек шарттары бұзылды. 4 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген ресми хабарламада.

Алматыда автобус жүргізушісі жағымсыз иісі үшін егде жастағы әйелді көліктен түсіріп тастаған (видео)

Алматыда әйел жүріп бара жатқан автобустан құлап, омыртқасын сындырып алды (видео)


Сонымен қатар, наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған тұлғалардың жүргізуші куәліктерін сот тәртібімен жарамсыз деп тану мәселесі пысықталып жатыр.

“Анықталған заңбұзушылықтар жолаушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіргенін ескере отырып, прокуратура профилактикалық іс-шараларды жалғастырып, жүйелі шаралар қабылдауда”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Еске салсақ, Алматыда жолда келе жатқан автобус жүргізушісі кенеттен көз жұмғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 18 Ақпан, 2026 21:02