"540 мың ақша аудардым": Алматыда жүзге жуық тұрғын жиһаз аламыз деп алданып қалды
Алматыда жаңа жиһаз аламыз деп алдандық деген жүз шақты адам "Жиһаз қоймасы" деп аталатын жиһаз дүкеніне басып кірді. Олар жарты жылдан бері не жиһазды, не ақшаларын ала-алмай жүргендерін айтады. Тіпті кей тұрғын құда күтем деп несиеге алған жиһазым әлі келмей масқара болдым деп ашулы.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Жетіскеннен жиһаз іздемедік деген жұртшылықтың бүгін төзімі таусылып, жиһаз дүкеніне бірақ кіріп барды. Барлығының талап-арызы бір. Жарты жыл бұрын жарты ақшасын төлеп тұрып тапсырыс берген жиһазымыз әлі жоқ дейді.
"Үйіме кіріп, келін алып жатырмын балама. Құдаларымды қайтіп күтемін?! Сондықтан тағы да несиеге кіріп алдым. Енді қалған 540 мың ақшасын қайтар десем Жұмакүл, алдыңғы апта қайтарамын, ертең деп. Мебельді 10 ақпанда әкелу қажет болған", - деді тұрғын Бәтима Жексенбаева.
Бұл дүкенге алдандық дегендер тек алматылықтар ғана емес. Тараз бен Петропавл тұрғындары да ақша сапты. Олар да видео жолдап отыр.
"Жиһаз қоймасы деген дүкеннен инстаграмдағы парақшасынан "До Вин Чи" жиһазын заказ бердім. Каспий бағдарламасы арқылы 540 мың теңге аудардым", - деді Мойынқұм ауылының тұрғыны Сәуле Бейсеғалиқызы.
Алайда ешкімді алдамадым деген дүкен иесі, жиһазын жоқтап келген жұртшылыққа дес бермеді. Даудың шешудің орнына әр адаммен жеке дауласуға бар. Айтуынша бұл дүкенді басқа біреуден 90 миллион қарызымен қоса сатып алыпты. Оның ішінде бүгін келгендердің де қарызы бар дейді.
"Бүгін біз жібереміз, барлығына жібереміз. Маған қазір уақыт керек сағат тоғызға дейін. Сіздер маған сауда істеткізбесеңіздер. Бүкіл нәрсені жаптырсаңыздар. Клиенттер келсе айқайласаңыздар, қалай ақшаны қайтарамын?!", - деді дүкен басшысы Жұмагүл Мәмбетова.
Дүкен бастығы осыған дейін бөліп жеткізген жиһаздардың құжаттары барын айтады. Көпшілікке берген кепілдеме қағазын да растап отыр. Енді сұрайтыны екі апта уақыт берсін дейді. Ал халық күте-күте шаршаған. Қыста берген уәдесі көктемде де орындалмады деп сенімсіздік білдіріп, сотқа бермекші.
Жиһаз аламыз деп жиғанымыздан айрылдық деген жүз шақты адам енді Алатау аудандық полициясына шағым қалдырды. Ал жиһаз дүкенінің басшысы барлық қарызды бірден бере алмаймын тек бөліп төлеймін деп отыр. Қорыта келе заңгерлер халыққа алдын ала төлем жасамауға кеңес береді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
