Алматыда жер сілкінісінің салдары тексерілді
Фото: Emergency Alert System
Төтенше жағдайлар департаменті Алматы мен Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сейсмологиялық бақылаулардың ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі Алматыда және облыс аумағында 2 балл шамасында сезілген жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан.
"Өзара әрекеттестік алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Қирандылардың бар-жоғы және тіршілікке қажетті нысандардың жұмысы бойынша мониторинг жүргізілді. Қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ", – делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым қашықтықта орналасқаны хабарланған еді.
Чилиде 7,4 балдық жойқын жер сілкінісі болды
Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде өзбекстандық азамат қорыққанынан көз жұмды
Еске салайық, 1 мамырда Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты Алматы облысында, Кеген ауылы мен Қырғызстан шекарасына жақын маңда жер сілкінгенін хабарлаған еді. Қырғыз сейсмологтарының дерегінше, жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 08:19-да болған.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
