Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жантүршігерлік жол апаты: Жүргізушінің денесін арнайы құралдармен алуға тура келді

Алматыдағы мамандандырылған ХҚКО-ға қарама-қарсы жантүршігерлік ЖКО орын алды. Қатты соғылғаны сонша, көлікті гидравликалық құралдармен кесуге тура келген. Ал жүргізушіні құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жол апаты

ЖКО Жаңа Саин көшесінде мамандандырылған ХҚКО-ға қарама-қарсы көшеде орын алды. Subaru Legacy жүргізушісі белгісіз себептермен рульді басқара алмай, бөлінген шекараға шығып, бірнеше ағашты қиратып кеткен. Осыдан кейін ол қарсы жолдағы Volkswagen Jetta-мен соғысқан.


Көліктің қатты соққыдан дымы қалмаған. Апат орнына құтқару қызметкерлері келіп, жүргізуші мен жолаушының денесін алып шығу үшін Subaru-ны гидравликалық құралдармен кесуге тура келді. Жүргізуші жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Volkswagen жүргізушісі мен жолаушы әйел ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында ЖКО-ның барлық мән-жайларын егжей-тегжейлі анықтау үшін қызметерлер жұмыс істеуде.

Талқылау